..Жуырда Бұқар Жырау ауданы,Доскей ауылының “Мирас”Балалар өнер мектебінің Жетіген сыныбы үшін маңызды оқиға орын алды.Жетіген сыныбының ұстазы Медеубаева Гүлжан Қуатбековна және оқушысы Сейфулла Зере”Новое ТВ”теле-радио арнасына барып,ұлттық аспабымыз-Жетіген туралы сұхбат беріп қайттық.
Сұхбат барысында Жетігеннің шығу тарихы, қазақ мәдениетіндегі орны,орындаушылық ерекшеліктері меү тәрбиелік мәні туралы кеңінен әңгіме қозғалды.Ұлттық өнерді жас ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Эфир барысында халық күйі “Крбез қыз” жетіген аспабында орындалып, көрермендерге қазақтың дәстүрлі күй өнерінің нәзікте сырлы әуені ұсынылды.Күй арқылы ұлттық болмыс пен рухани құндылықтардың тереңдігі айқын сезілді.
Біз үшін сұхбат-үлкен жауапкершілік әрі шығармашылық тәжірбие болды.
Ұлттық өнерді насихаттауға мүмкіндік берген”Новое ТВ” теле-радио арнасы ұжымына және теле жүргізушісі Айдана ханымға алғысымызды білдіреміз.
Ұлттық мұрамыз дәріптеу жолындағы еңбегіміз жалғасын таба бермек…!
https://miras-oner-mektep.kz/kz/zhanaly-tar/245-miras-mektebini-zhetigen-synyby-novoe-tv-arnasynda-s-khbat-berdi.html#sigFreeIdb73afaabd4







