2026 жылдың 25 мамырында Доскей ауылы “Мирас” балалар өнер мектебінің, Құрылыс филиалында “Шексіз ғажап өнерім” атты есептік концерт өтті. Концерт барысында шәкірттер өздерінің бір жыл бойыүйренген шығармаларын орындап, өнерге деген сүйіспеншіліктері мен орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыс, биік жетістіктер тілейміз! Ұстаздар мен ата-аналарға қолдау көрсетіп, өнер жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіреміз.

Өнер - ұлттың рухани қазынасы!