«Музыкалық аспаптар елінде» атты ойын барысында балалар әуендер мен дыбыстар әлеміне саяхат жасап, жаңа білім алды. «Сиқырлы түстер әлемі» сурет байқауында жас суретшілер қиялдарын қағазға түсіріп, ерекше туындыларымен қуантты. «Тыңда, ойлан, ойна» танымдық ойыны балалардың ой-өрісін кеңейтіп, достық қарым-қатынасты нығайтты. Бұл шаралар балаларға шаттық сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. «Көңілді жаз» лагері әр күнді жарқын естеліктерге толтырып келеді!