«Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Доскей ауылы "Мирас" балалар өнер мектебінің акты залында "Тәуелсіздік күні" қарсаңында ауыл модельді кітапхана-клубы қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен "Желтоқсан желі ызғарлы" атты ақпараттық, танымдық кездесу кеші өтті. Кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгер, қатысушылары Нығманов Асан Өсербайұлы (Тоғызқұдық ауылының тұрғыны), Қарағанды қаласынан Халенов Ахметқали Серғалиұлы қатысты. "Өліні еске алмай,тірі байымайды" дегендей кездесу кеші тәуелсіздік жолында жандарын қиған, құрбандарды еске алу рәсімінен басталды. Жалпы кездесу мақсаты: Жастарды елін,жерін, Отанын сүюге, қорғауға, патриотизм сезімдерін ояту. Тәуелсіздік жолындағы құрбан болған жастардың батырлығын насихаттау. Кездесуге келген қонақтарымыз өз ойларын ортаға салып, сол кездегі болған оқиға желісі мен бөлісіп, көрермен жастардың қойған сұрақтарына тұжырымды жауаптарын беріп, сонымен қоса оның тарихи маңызына тоқталды.Көрермендерге тақырыптық дайындалған презентациялар көрсетіліп, ақпараттық кітап көрмесі және "Мирас" балалар өнер мектебінің "Шабыт" көркем сурет сыныбы ұстазы Е.Н. Сейлханованың оқушылары салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. "Мирас" балалар өнер мектебінің басшысы Б.В.Досмағамбетова өз атынан, келген қонақтарға жүрекжарды тілегін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қоса Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында республикалық, облыстық байқауларда шәкірттері Гран При иеленген, лауреаттар тәрбиелеп келе жатқан өнер мектебінің ұстаздары Большакенова Назгүл Мақсұтқызы,концермейстер Жанмуканова Рахат Хамит қызы, Төкенов Қуандық ауыл әкімі Е.Т.Тоқмырзаның Алғыс хатымен марапатталды.Шараға келген қонақтарға кітапхана-клуб қызметкерлері өз сый-сияпаттарын ұсынды, келген қонақтарымыз ризашылықтарын білдірді. Шараға "Мирас" балалар өнер мектебінің "Арлан" әскери патриоттық үйірмесінің тыңдармандары қатысты. Жетекшісі Досымбеков М.Т.Кездесу барысында тәуелсіздік тақырыбында жыр шумақтарын оқығандар: Дарханұлы Әділжан "Тәуелсіздік таңымыз" авторы Қалқаман Сарин. Сәрсен Нұрдәулет "Туған жер", Ерубаева Фариза "Тәуелсіздік ел ұраны", жыршы-жырау бөлімінің ұстазы, ақын Даулетхан Сұлтан өз өлеңін арнады. Кітапхана-клуб ұжымымен бірлесе жасалған бұл игі шараның жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге зор ықпалын тигізері сөзсіз.
View the embedded image gallery online at:
https://miras-oner-mektep.kz/kz/zhanaly-tar/153-biyl-jgili-zhelto-san-o-i-asyna-36-zhyl-tolady.html#sigFreeIdc8bfd0787d
https://miras-oner-mektep.kz/kz/zhanaly-tar/153-biyl-jgili-zhelto-san-o-i-asyna-36-zhyl-tolady.html#sigFreeIdc8bfd0787d







