Балалар музыка мектебі сДоскей 04 шілде күні Доскей ауылы КМҚК "Мирас" Балалар өнер мектебінің жазғы лагерьден 3-ші ауысымы басталды. 05 шілде күні "Ел жүрегі -Астана" атты елорданың "қала күніне" орай іс-шара өтті. 24 ке жуық мектеп қабырғасындағы оқушылар қатысып, Астана туралы азды-кем ақпарат алып, әр түрлі сұрақ-жауаптарға белсенді қатысып, ортаға шығып астана туралы да, әр түрлі тақырыпта ән салды және өлеңдер оқыды, кейін ой сергіту, бой сергіту мақсатында ойын ойнап, одан кейін әрбір бала астанадағы өзіне ұнаған ғимараттарды салудан өз өнерлерін көрсетті. Сол іс-шараны суреттерден көріп, пікір жазып, лайк басып бағалап отырыңыздар.
Бұқар Жырау Ауданының Білімбөлімі
Балалар музыка мектебі сДоскей
Әкімдік Доскей Бұқар-Жырау Ауданы







