15.02.23 жылы "Мирас"өнер мектебі Доскей ауылы модельді кітапхана-клубы мен бірігіп, өнер мектебі акты залында "Ауғанның отты жылдары" атты 34 жыл толуына орай патриоттық - кездесу кеші өткізілді. Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
"Қара майор отряды", "Мен көрген соғыс" атты видеороликтер көрсетілді.
Бұл кездесуге Қарағанды қаласы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің "Ардагер" қоғамдық ұйымының төрағасы Хасенов Талғат Болатұлы, Жұматаев Айтбай Мұхтарұлы, Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлы, Отарбаев Серік Хамитұлы, Жақанов Самат Әсетұлы, Маханов Нұрболат Кәрібайұлы, Әлімжанов Сұлтан Балышкенұлы қатысты. Ауыл әкімдігінің бөлім басшысы Нүркеш Нұрланұлы, М.Т.Досымбековтер ардагерлерді құттықтап өз тілектерін білдірді.
Танымдық кездесуді "Әлқисса"домбырашылар ансамблі Н.Тілендиевтің "Әлқисса" күйімен ашты. Жетекшісі: Назгүл Мақсұтқызы.
Бір минут үнсіздіктен соң сөз кезегі ардагерлерге берілді. Кездесуге келген оқушылар ойдағы сұрақтарына тұжырымды жауаптарын алып, рахметтерін айтты.
"Кештің соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
1.Сәрсен Нұрдәулет эстрада вокал оқушысы "Туған жер". Жетекшісі: Нүриләш Қайырбекқызы
2.Аңсар Абдрахманов ән- домбыра оқушысы "Аққұм". Оқытушысы: Қуаныш Дүйсенбеков
3.Аринова Айсана эстрада вокал оқушысы "Тәуелсіз елдің ұланы". Оқытушысы: Жанара Бекбауова
4.Қобыз ұстазы Толғанай Бердібекова "Көзімнің қарасы". Сонымен қоса "Арлан" әскери патриоттық үйірмесінің оқушылары автоматты шашып жинау, патрондарды жинап салу бойынша өз өнерлерін көрсетті. Жетекшісі: Досымбеков Мырза Тұрағалұлы