8 ақпан күні Доскей ауылы КМҚК «Мирас» Балалар өнер мектебінде Халық аспаптар бөлімінде « Халық аспаптарындағы орындаушылық үрдісі мен оқыту жүйесінің өзекті мәселелері" атты тақырыпта II аудандық семинар - практикум өтті. Бұл семинарға Бұқар - жырау ауданының білім бөлімі әдіскері Соян А. С., Облыс әкімшілігі бас маман аудиті Қалиева Б.К., Қарағанды арнаулы музыка мектебінің әдіскері Бощина Л.Ж., Юнеско клубы "Руханият" орталығы мен Ғ. Мұстафин кентінен Балалар музыка мектептерінің әкімшілігі мен педагогтар қатысты. "Мирас" Балалар өнер мектебінің педагогтары ашық сабақ, презентация, практикум сабақтары, шебер сыныптарымен тәжірибелерімен бөлісті. Аудан семинары мектебіміздің ұйымдастырылған "Құлақтан кіріп бойды алар ...." концерттік бағдарламамен аяқталды.