Доскей ауылы "Мирас" балалар өнер мектебінде бірінші сыныптарды жас музыканттар қатарына қабылдау іс шарасы өткізілді. Іс-шараның жүргізушілері теориялық пән мұғалімі Мерхадинова Алмаш Ерболатовна мен фортепиано мұғалімі Кочеткова Лилия Олеговна оқушыларға қызықты ойындар мен тапсырмалар орындатты. Жас музыканттар тақпақтарын айтып, өз өнерлерін ортаға салып, түрлі ойындарға қатысты. Соңында мектебіміздің басшысы Бибігүл Уалиханқызы оқушыларға, әр мамандық бойынша бірінші сыныптарға қабылданғаны туралы сертификат табыстады. Осындай іс-шара өнер мектебінің "Сарытөбе", "Тоғызқұдық" ауылдарындағы филиалдарында да өткізілді. Қатысқан оқушылар саны 110-нан асады.