Кеше Дариға Рахымқызының «Өнер өлкесінің өр тұлғасы» атты шығармашылық кеші өтті.

Өмірінің 23 жылын туған жерінің мәдениеті мен руханиятына арнаған жанның еңбегін елеп, өнегелі жолын ұлықтадық.

Дариға Рахымқызы кітапхана, саз мектебі мен мәдениет саласында еңбек етіп, ауылдың рухани өміріне өзіндік үлесін қосты. Әсіресе, Доскей Әлімбаевтің шығармашылық мұрасын зерттеп, ұмыт қалған дүниелерін іздестіруге, ел жадындағы естеліктерді жинақтауға сіңірген еңбегі ерекше құрметке лайық.

Бұл кеш – бір адамның шығармашылық жолына ғана емес, туған жерге деген адалдық пен өнерге деген шынайы сүйіспеншілікке көрсетілген құрмет.

Дариға Рахымқызына зор денсаулық, отбасының амандығын, шығармашылық шабыт пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Еңбек еленген жерде өнеге қалады!