Доскей ауылы "Мирас" балалар өнер мектебінде Республика күні қарсаңында, эстрадалық вокал сыныбының ұстаздарының ұйымдастыруымен "Республикам менің - Қазақстан" атты мерекелік концерт өткізілді. Ауылдың әкімі Ерболат Тұрсынұлы оқушыларды, мұғалімдер және ата-аналарды мерекелерімен құттықтады. Өнер көрсеткен оқушылар "Балдаурен бишілер тобы "Әуен" биін биледі. Жетекшісі Имашева Қ.Р.,Әлқисса домбырашылар ансамблі, жетекшісі Большакенова Н.М., фортепиано сыныбының 1кл оқушысы Ерболова Айлин, "Дождик" шығармасын ойнады оқытушысы Кочеткова Л.О., эстрадалық вокал оқушылары Аринова Аисана "Асыл әжем" әнін орындады оқытушысы Бекбауова Ж.Б., Вы-Фен-Те Руслан, Аманбай Наргиз - концерттің жүргізушілері болды Ахметова Айару "Елім менің" әнін орындады, оқытушысы Қайырбекқызы Н. Ән домбыра сыныбының оқытушысы Дүйсенбеков Қ.Е оқушысы Абдрахман Аңсар "Тау ішінде" әнін орындады. Қобыз сыныбының оқытушысы Бердібекова Т.Б. Абайдың "Көзімнің қарасы" шығармасын ойнады. Мерекелік концертте өнер көрсеткен оқушыларға және оқытушыларға алғыс білдіреміз!!

Мерекелеріңіз құтты болсын!!