Бүгін Доскей ауылындағы "Мирас" балалар өнер мектебіне Тоғызқұдық филиалындағы оқушыларымыздың бірінші сыныпқа қабылдануының іс-шарасы ресми түрде өтті. Балалар алдымен өздерінің өнерлерін көрсетті. Одан соң мектеп басшысы Бибігүл Уәлиханқызы жас өнерпаздарды, ата-аналарды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап, оқушыларға сертификат табыстап, мерекелік сыйлықтар тарту етілді.